Categories Жайық news

Елена Рыбакина Майамидегі ірі турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Төртінші айналымда отандасымыз америкалық теннисші Мэдисон Кизбен кездесті. Бір сағат 25 минутқа созылған тартысты матч 6:3, 7:5 есебімен Еленаның пайдасына аяқталды. Осылайша, Рыбакина Майами турнирінде қатарынан екінші жыл ширек финалға шығып отыр.

Енді ол жартылай финалға шығу үшін грекиялық спортшы Мария Саккаримен кортқа шығады. Бұған дейін теннисшілер өзара үш рет кездесіп, екеуінде Саккари, біреуінде Рыбакина жеңіске жеткен.

Майамидегі турнирдің жеңімпазы 1000 рейтингтік ұпай мен 1,1 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Маңғыстау мен Атырау облыстары автогазбен толық қамтылған – Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі Маңғыстау және Атырау облыстарында автогаз жеткізу тұрақты және қажеттіліктен жоғары екенін мәлімдеді.

28 маусымға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық сақталады

28 маусымда Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде найзағайлы жаңбыр күтіледі, оңтүстікте аптап ыстық сақталады.

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, ал шетелге шыққан…