Categories Әлем

Еуроодақ Арменияға 50 миллион еуро көлемінде шұғыл көмек дайындап жатыр

Сурет: istockphoto.com

Еуропалық комиссия Арменияға 50 миллион еуродан асатын шұғыл қолдау пакетін әзірлеп жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен сөйлескеннен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Армения өнімдеріне қатысты экспорттық шектеулерді ұзарту арқылы Мәскеу экономикалық қатынастарды саяси қысым көрсету құралы ретінде пайдаланып отыр. Бұл тәсіл бізге жақсы таныс. Сондықтан Еуропа Арменияны нық қолдайды. Біз Еуроодақтың қолдау пакетін әзірлеп жатырмыз», — деді фон дер Ляйен.

Сонымен қатар, Еуропа бұған дейін Ресей шектеу қойған армян тауарлары үшін өз нарығын айқара ашпақ. 30 мамырдан бастап Ресейдің ауыл шаруашылығын қадағалау қызметі Армениядан қызанақ, қияр, бұрыш, көкөніс шөптері мен құлпынай импортын шектеді. Ал 22 мамырдан бастап гүл өнімдерін әкелуге тыйым салған.

Ұқсас жазбалар

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…

Италиядағы Гарда көлі аптап ыстықтан миллиардтаған литр су жоғалтты

Италиядағы Гарда көлінде су деңгейі күрт төмендеп, тәулігіне 7,4 миллиард литр су жоғалтуда. Аптап ыстық…

Ресей билігі жанармай бағасы туралы деректерді жариялауды тоқтатты

Ресей үкіметінің статистика қызметі автокөлік жанармайының тұтынушылық бағасына қатысты мәліметтерді ресми есептерден алып тастау туралы…