Categories Жайық news

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінен толықтай шығарылды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) допинг дауынан кейін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы жаңартылған рейтингінен алып тастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ұйымның ресми сайтында жарияланған жаңа тізімде қазақ боксшысының есімі жоқ. Қазіргі уақытта IBF тұжырымы бойынша чемпиондық атақ бос тұр, сондай-ақ рейтингтің бірінші сатысына да ешкім жайғаспаған.

Рейтингте екінші орынға италиялық боксшы Этиноза Олиха көтерілсе, үшінші орында жеңіліп көрмеген ирландиялық спортшы Аарон Маккенна тұр.

Бұған дейін тағы бір беделді портал – Boxrec те Жәнібек Әлімханұлын өз рейтингінің көшбасшылар қатарынан шығарған болатын.

6 желтоқсанға жоспарланған үш титулдық жекпе-жек қарсаңында Жәнібек Әлімханұлының аты допинг дауына іліккен еді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…