Шетелден 4 күдікті Қазақстанға жеткізілді: терроризмге қатысы бар

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік әріптестерімен бірлесіп, террористік қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген 4 азаматты елге қайтарды. Олардың бірі — Батыс Қазақстан облысының тумасы, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Арнайы операция бірнеше айға созылған. Күдіктілер әртүрлі мемлекеттерде жасырынып жүрген. ҰҚК мәліметінше, олардың екеуі Таяу Шығыста, тағы екеуі ТМД елдерінде ұсталған.

«Біздің қызметкерлер шетелдік арнайы қызметтермен тығыз байланыста жұмыс істеді. Нәтижесінде күдіктілердің барлығы Қазақстанға жеткізілді. Қазір олар тергеу изоляторында», — деді ҰҚК ресми өкілі.

Тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктілерге Қылмыстық кодекстің 255-бабы (терроризм актісі) бойынша айып тағылған. Енді сот олардың бұлтартпау шарасын тағайындайды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай, бұршақ және күшті жел күтіледі

3 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев инвесторлар кеңесіне қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыстады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырды.

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоны қабылдады. Кездесу шетелдік инвесторлар…