Categories Әлем

Мамыр айында шекарадан өтпек болған мыңнан астам шетелдік ұсталды

Сурет: Ашық дереккөз

ҰҚК Шекара қызметі 2026 жылғы мамырда құзырлы органдармен бірлесіп, Қазақстан заңнамасын бұзған 3 881 адамды ұстады, оның 1 125-і шетел азаматтары, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, есепті кезеңде мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 180 фактісінің жолы кесілген. Каспий су айдынында заңсыз балық аулаудың 12 фактісі анықталып, браконьерлік құралдар мен бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді. Мемлекетке келтірілген шығын шамамен 210 млн теңгеден асады.

Аталған құқық бұзушылықтар бойынша Шекара қызметі 62 қылмыстық іс қозғап, қазір тергеу шаралары жүргізілуде. Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдану үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…