Жер сілкінісіне дайындық: Орталық Азия елдері бірлесіп әрекет етпек

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Ташкентте өткен халықаралық конференцияда жер сілкінісі қаупін азайтудың өңірлік жоспарын ұсынды. Бұл бастама Орталық Азия елдерінің бірлескен күш-жігерін талап етеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Конференцияға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның төтенше жағдайлар қызметтерінің басшылары қатысты. Тараптар жер сілкінісін болжау және алдын алу шараларын үйлестіруге келісті.

«Біздің ортақ міндетіміз – апаттардан болатын шығынды барынша азайту. Әрбір елдің тәжірибесі мен ресурстарын біріктіру арқылы ғана нәтижеге жетеміз», – деді Шыңғыс Әрінов.

Жиын барысында Орталық Азиядағы сейсмикалық белсенділік картасын жаңарту, халықты ерте хабардар ету жүйесін жетілдіру және арнайы мамандар даярлау мәселелері талқыланды. Келесі кездесуді Қазақстанда өткізу жоспарланған.

Ұқсас жазбалар

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен келді

Мемлекет басшысы театрдың дамуы ел мәдениетінің деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіш екенін атап өтті.

Астанада 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі

Астана мәслихаты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасын бекітті. 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі.

Елордада балалар қатысқан жол апаттары 36,4%-ға өсті

Астанада балалар қатысқан жол апаттары 36,4%-ға өсіп, 311 оқиға тіркелді. Салдарынан 412 бала жарақат алып,…