Categories Әлем

Ливанда Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 3700-ден асты

Сурет: Анадолы

Ливанда Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 3 700-ден асты. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі X әлеуметтік желісінде хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы тәулікте Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) жасаған соққылар салдарынан Ливан аумағында 15 жергілікті тұрғын қаза тауып, тағы 82 адам жарақат алды.

Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды. Осы аптада Израиль шабуылдарының қарқыны біршама төмендеген. Бұған жуырда АҚШ пен Иран арасында қол жеткізілген келісім ықпал еткен. Осы мүмкіндікті пайдаланған мыңдаған қоныс аударушы бұған дейін атыс-шабыс салдарынан тастап кеткен елдің оңтүстік өңірлеріне қайта орала бастады.

Жалпы атысты тоқтату режимі жарияланғанына қарамастан, Израиль Ливан аумағына әуе соққыларын жасауды жалғастырып отыр.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…