Categories Жайық news

“Алтын той” иелері маңызды науқанға қатысты

Жарсуат ауылындағы №108 сайлау учаскесіне өз дауыстарын беруге “Алтын той” иелері Уразовтар жанұясы келді. Отағасы Амандавлет Уразов 1948 жылы Жарсуат ауылдық округіне қарасты Қарашығанақ ауылында дүниеге келген. Ал жұбайы Қаламқас Жұмашева қазіргі Кеңтүбек ауылының тумасы. Амандавлет ағамыз мектеп бітіргеннен кейін Бөрлі техникумында білім алып, еңбек жолын өз туған жерінде бастаған. Ол ұзақ жылдар бойына Жарсуат ауылдық округінде бригадир, инженер-механик, ауылдық кеңестің төрағасы сияқты түрлі жауапты қызметтерді атқарған. Ағамыз бір жылдары “Ақсайгазпромэнерго” компаниясында да жұмыс жасап, адал еңбек еткен. Жалпы 47 жыл еңбек етіп, 2012 жылы зейнеткерлікке шыққан.

Ал Қаламқас апамыз Ақсай қаласындағы статистика басқармасында адал еңбек етіп, 2007 жылы зейнетке шыққан. Апамыздың еңбек өтілі 25 жыл.

Амандавлет ағамыз бен Қаламқас апамыз 1976 жылы шаңырақ көтерген. Бүгінде “Алтын той” иелерінің 1 ұл, 1 қыздан 4 немере мен 2 шөберелері өсіп келеді. Үлгілі отбасының негізін қалаған Уразовтар әулеті бүгінгі жас отбасыларға үлгі.

— Бүгін біздер референдумға өз дауысымызды беруге келдік. Еліміз үшін маңызды науқанға әр азамат қатысуға міндетті. Бүгін әр қазақстандық үшін ерекше тарихи күн. Себебі елімізде ҚР-ның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдум өтуде. Бастысы еліміз дамып, көркейе беруін тілеймін, — деп “Алтын той” иелері учаскеге жиналған халыққа өз баталарын берді.

№108 референдум учаскесінің төрағасы Марат Садықов 50 жыл отасқан отбасыны алтын тойларымен құттықтап, сыйлық табыстады.

Ұқсас жазбалар

Мас күйінде ұсталған Чапаев ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылуы мүмкін

Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зинуллинге қатысты тәртіптік іс Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн

Қоршаған ортаны қорғау бүгінде мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Батыс Қазақстан облысында…

«ИНДЕРБОР – ОРАЛ» ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ ЖОБАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

«Индербор – Орал» теміржол желісінің құрылысы перспективалы жобалар тізіміне енді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас…