Categories Жайық news

Бір жақта – тазыға құрмет, екінші жақта – итті ату: Тоқаев жаңа мереке бекітті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні бекітілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл күн жыл сайын 3 қыркүйекте аталып өтеді. Жаңа мереке қазақтың ұлттық ит тұқымдары – тазы мен төбеттің тарихи және мәдени маңызын мойындау мақсатында енгізіліп отыр.

Бұл шешім елімізде қаңғыбас иттерге қатысты даулы заң жобасы талқыланып жатқан кезде қабылданды. Қоғамда үлкен пікірталас тудырған құжатта ұсталған жануарларды бес күннен кейін өлтіру қарастырылған.

Қазіргі таңда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілетін түзетулер қоғам белсенділері мен зооқорғаушылардың қатты сынына ұшырап жатыр. Олар бұл қадамды ізгілікке жатпайтын әрекет деп бағалауда.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын…

Өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады  

«Мектебім, саған мың алғыс!». Бүгін өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады. №52 жалпы орта…