Categories Қаржы

Жеке банкроттық рәсімі: тегін бе, ақылы ма?

Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттық рәсімі толық тегін емес екені белгілі болды. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл процесте белгілі бір шығындар болуы мүмкін екенін хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Банкроттық рәсімін бастау үшін азаматтарға алдымен электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет. Бұл қызмет ақылы – бағасы 500 теңгеден 2000 теңгеге дейін өзгереді.

Сонымен қатар, уәкілетті органға өтініш беру үшін «eGov Mobile» немесе «Банкроттық» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беру кезінде интернет трафигіне ақы төлеуге тура келеді.

«Егер азаматтың кредиторлар алдындағы берешегі 1600 АЕК-тен (шамамен 5,9 млн теңге) аспаса, банкроттық рәсімін қолдану үшін соттан тыс тәртіп қарастырылған. Бұл жағдайда мемлекеттік баж салығы алынбайды», – деп түсіндірді комитет өкілдері.

Ал сот арқылы банкроттық рәсімінен өткісі келетіндер 0,5 АЕК (шамамен 1846 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж төлеуі тиіс. Бұл шығындардың барлығы рәсімнің міндетті емес, ықтимал шығындары екенін атап өткен жөн.

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды банкроттық туралы толық ақпаратты тек ресми көздерден алуға шақырады.

Ұқсас жазбалар

IT саласына арналған салық жеңілдіктері 2045 жылға дейін ұзартылуы мүмкін

Қазақстанда IT саласын қолдау шаралары ұзақ мерзімге жалғасуы ықтимал. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі…

Қазақстан инновациялық экономиканы дамытудың жаңа моделін ұсынды

Қазақстан ғылым, бизнес және өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған жаңа инновациялық стратегияны таныстырды.

«Байсат» базары Алматы әкімдігінің меншігіне өтуі мүмкін

Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген «Байсат» базары бірнеше мәрте аукционға қойылғанымен, сатып алушы табылмаған. Осыған байланысты қала…