Categories Жайық news

Ереже қатайса да, банктердің табысы артты: бір жылда 2,7 трлн теңге пайда көрді

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан банктерінің жиынтық пайдасы 2,7 трлн теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,6%-ға өсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл көрсеткіш бөлшек несиелеу ережелерінің қатаңдатылуына және жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Банктер туралы» заңның жаңа редакциясының әзірленуіне қарамастан тіркеліп отыр.

Банктер кірісінің ең үлкен бөлігі активтерді қайта бағалаудан түскен. Бұл бап өткен жылы қаржы институттарына 83,2 трлн теңге (өсім 40,5%) әкелді. Сонымен қатар, ең көп шығын да дәл осы активтерді қайта бағалаудан болды, оның көлемі 83,1 трлн теңгені (өсім 40,4%) құрады.

Өткен жылдың басым бөлігінде Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушылық несиелеудің өсу қарқынын бәсеңдетіп, керісінше, бизнесті несиелеуді ынталандыруға тырысты.

Осы мақсатта несиелеу кезіндегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау туралы заң аясында бірнеше норма біртіндеп енгізілді. Олардың қатарында қарыз алушының төлем қабілетін анықтайтын борыш жүктемесінің коэффициенті, онлайн-несиелеу кезінде міндетті сәйкестендіру, қарызды коллекторларға сатуға мораторий енгізу және несие алу үшін жұбайының міндетті келісімі сияқты талаптар бар.

Ал қаңтар айында Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Банктер туралы» заңның жаңа редакциясы бір сағат ішінде түрлі банктерден немесе микроқаржы ұйымдарынан бірнеше несие ресімдеуге тыйым салып, соттан тыс банкроттық рәсімін оңайлатуды көздейді.

Фото: Envato Elements.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады: 27 мамырға ауа райы ескертуі

27 мамырда Батыс Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын…