Categories Жайық news

Астанада операция кезінде көз жұмған жасөспірім: Дәрігер кінәлі деп танылды, бірақ рақымшылықпен босатылды

Астанада 13 жастағы жасөспірімнің операция кезіндегі өліміне қатысты екі жылға созылған сот ісі аяқталды, дәрігер-анестезиологқа қатысты үкім шығып, бірақ ол рақымшылықпен жазадан босатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға екі жыл бұрын жазда болған. Жасөспірімге полиптерді алу бойынша жоспарлы операция жасалған. Алайда анестезиологтың қателігінен жалпы наркоз кезінде бала операция үстелінде қанға тұншығып, көз жұмды.

Тергеу барысында Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайды ағзаның сирек кездесетін реакциясымен байланыстырмақ болды. Дегенмен, сараптамалар дәрігердің өз міндетіне салғырт қарап, кәсіби қателік жібергенін толық растады.

Сот процесінде дәрігер өз кінәсін мойындамады. Ал баланың ата-анасы кінәліге ең қатаң жаза тағайындауды талап етті.

Сот қорытындысы бойынша дәрігер екі жылға бас бостандығынан айырылып, үш жылға дейін медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Алайда ол рақымшылық жасау туралы заңға сәйкес нақты жазадан босатылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…