Categories Қоғам

Премьер-министр кәсіби мерекесіне орай металлургтерге Президент атынан мемлекеттік наградалар табыс етті

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының қызметкерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Тау-кен металлургия кешені — өнеркәсіпті дамытудың негізі. Тәуелсіздік жылдарында бұл сала тұрақты экономикалық өсімге және әлеуметтік әл-ауқаттың нығаюына ықпал етті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасына қосқан үлесі 6,9%-ды құрады. Бүгінде салада 110 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың күнделікті жұмысы машина жасау, құрылыс, мұнай-газ және энергетика саласының дамуына серпін береді.

Олжас Бектенов металлургия саласын дамыту Үкіметтің басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Өндірісті жаңғырту, жаңа кен орындарын игеру және заманауи технологияларды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жалғасатын болады.

Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында тау-кен металлургия кешенінің еңбеккерлеріне, оның ішінде металлургтерге ерекше көңіл бөлінеді. Биыл Мемлекет басшысы алғаш рет екі жаңа мемлекеттік награда – «Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі» және «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атақтарын тағайындады.

Осы жылы барлығы тау-кен металлургия өнеркәсібінің 600-ге жуық жұмысшысының еңбегі атап өтілді. Олар – бүкіл ел бойынша өндіріс озаттары мен еңбек ардагерлері.

Мемлекеттік наградаларды металлургтерге өнеркәсіп және құрылыс министрі, Астана және Алматы қалаларындағы, Ұлытау және Абай облыстарындағы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы өңір әкімдері табыс етті.

Сала өкілдері Мемлекет басшысына еңбектерін жоғары бағалағаны үшін алғыс білдірді. «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Болат Айдаболов бұл марапат ел экономикасының негізі болып саналатын барлық саланың үлесін бағалау екенін атап өтті. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС флотаторы Гүлбану Жұмаділдина марапат – ұжымның бірлескен жұмысының нәтижесі екенін айтып, Президентке металлургтердің еңбегіне көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді.

@KZgovernment

Ұқсас жазбалар

Обсудили строительство промышленного парка в Павлодарской области

Роман Скляр обсудил с руководством XINFA GROUP г-ном Чжао Тинъюном строительство промышленного парка в Павлодарской…

Қорғаныс министрлігінің курсанттары армияның практикалық міндеттерін шешуге арналған прототиптер әзірлеуде

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында ғылыми-зерттеу қызметі аясында курсанттар авиациялық қауіпсіздік, тұрақты байланыс және қашықтан…

Волна обсуждений НДС и цен в соцсетях: кто и что за этим стоит

Пользователи соцсетей активно делятся своими наблюдениями и негативным отношением к росту цен и НДС. При…