Categories Ақорда

«e-Өтініш» халық пен билік арасындағы сенім көпіріне айналды

«e-Өтініш» жүйесінің 5 жылдығына орай Астанада арнайы жиын өтті. Мемлекеттік кеңесші Аида Балаева бұл платформаны «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың басты құралы деп атады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Балаеваның айтуынша, «e-Өтініш» қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға зор үлес қосып отыр. Жүйе арқылы азаматтар өз өтініштерін онлайн жолдап, жауап ала алады.

«Бұл платформа – билік пен халық арасындағы тікелей диалогтың айнасы. Біз әрбір өтініштің уақтылы қаралуын қамтамасыз етуге тырысамыз», – деді Аида Балаева.

Жиында жүйенің даму перспективалары да талқыланды. Алдағы уақытта «e-Өтініш» арқылы мемлекеттік қызметтерге өтініш беру мүмкіндігі кеңеймек.

Ұқсас жазбалар

Президент Алатау қаласын дамытуды маңызды міндет деп санайды

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуды тағы бір маңызды міндет ретінде атады. Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

Астанада Конституция аллеясы салтанатты түрде ашылды

Астанада Конституция аллеясы пайдалануға берілді. Жаңа нысан Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Президенттің Мемлекеттік архиві мен…