Categories Көңіл ашар

Астанада PGL Astana 2026 басталды: әлемдік киберспорт жұлдыздары бас қосты

Астанада халықаралық PGL Astana 2026 киберспорт турнирі ресми түрде ашылды. Әлемнің үздік командалары бас жүлде үшін күш сынасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара елорданың басты спорт кешендерінің бірінде өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар турнирге 30-дан астам елдің өкілдері қатысатынын мәлімдеді.

Астана әкімдігінің мәліметінше, жарыс 5 күнге созылады. Жеңімпаздар 2 миллион доллар көлеміндегі жүлде қорын бөліседі.

«Біздің қала үшін мұндай дәрежедегі турнирді өткізу үлкен мәртебе. Киберспорт Қазақстанда қарқынды дамып келеді», — деді әкімдік өкілі.

Көрермендер үшін арнайы аймақтар жабдықталған. Турнирді тікелей эфирде миллиондаған геймер тамашалайды деп күтілуде.

Ұқсас жазбалар

Димаш Құдайберген Алтай төрінде ән шырқайды

10-12 шілде аралығында Катонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өтеді. Басты қонақ –…

Бас жүлде – 100 мың доллар: Жаңа республикалық әдеби байқау жарияланды

Мәдениет және ақпарат министрлігі проза жанрына арналған «Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқауды жариялады.

Жозимардың қақпасы сыр бермеді: Испания-Кабо-Верде матчы тең аяқталды

Кеше дүниежүзілік доп додасының тағы төрт ойыны өтті. Испания мен Кабо-Верде, Сауд Арабиясы мен Уругвай,…