Categories Жайық news

Трамп Иранның «мұнай күретамырын» кеспекші: Ақ үй Харк аралын басып алу жоспарын қарастырып жатыр

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның мұнай экспортындағы ең маңызды нүкте – Парсы шығанағындағы Харк аралын басып алу нұсқасын талқылап жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Axios басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес, мұндай шешім қабылданса, толыққанды құрлықтық әскери операцияны іске асыру қажет болады.

Ақ үйдегі жоғары лауазымды шенеуніктің айтуынша, егер Парсы шығанағында мұнай танкерлері бұғатталып, аймақтан мұнай экспорты шектеле берсе, Трамп осындай батыл қадамға баруы мүмкін.

«Қазір блокада жалғасып жатқандықтан, аймақтан мұнай экспорты шектеулі. Мұндай жағдайда Трамп соғысты аяқтағысы келсе де, оны бітіре алмайды», — дейді Ақ үй өкілі.

Сонымен қатар дереккөздер АҚШ президентінің аралды басып алу туралы нақты шешім қабылдамағанын атап өтті. Алайда ол «ирандықтарға қақтығыстың барысын өздері анықтауға мүмкіндік беріп, қол қусырып отырмайтынын» аңғартқан.

Харк аралы Парсы шығанағының солтүстік бөлігінде орналасқан. Сарапшылар оны Иранның «мұнай күретамыры» деп атайды, себебі елдің мұнай экспортының 90%-ға жуығы осы арал арқылы өтеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…