Categories Жайық news

Қазақстанда сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат берілмек: ІІМ жаңа ереже ұсынды

Ішкі істер министрлігі қауіпсіздігі ең төмен мекемелердегі сотталғандарға мекемеден тыс жерде смартфон пайдалануға рұқсат беруді ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл өзгеріс тек қоныс-колонияларына қатысты. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында 11 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін жарияланды.

Жаңа ережеге сәйкес, сотталғандарға мекеме аумағынан тыс жерде смартфон қолдануға мүмкіндік берілуі мүмкін. Сонымен қатар тәртібі оң бағаланғандар үшін «тыныштық сағаты» енгізіліп, жемқорлықты болдырмау үшін кездесулер мен қалаға шығуға өтініштерді арнайы терминалдар арқылы қабылдау ұсынылды.

Қоныс-колониялары – қауіпсіздігі ең төмен мекемелер. Мұнда абайсызда немесе ауырлығы онша емес қылмыс жасағандар жазасын өтейді. Ондағыларға азаматтық киім киюге, отбасымен тұруға және мекемеден тыс жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.