Тоқаев: Билікте енді отбасылық-кландық жүйе жоқ

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде елімізде билік жүйесінде отбасылық-кландық құрылымның жойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ZhaiyqMedia Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгінде біз бүкіл халық болып бірлікпен Әділетті, Таза әрі Күшті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін маңызды реформалар жүргіздік. Бұл — ауқымды да күрделі жұмыс, нәтижесінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Саяси жүйе толық жаңарды, жаңа экономикалық бағыт айқындалды. Қоғамымыз өзгеріп, азаматтардың санасы жаңаруда. Мемлекеттік қызметте меритократия қағидасы орнықты. Билікте енді отбасылық-кландық жүйе жоқ. Лауазымға тағайындауда ең алдымен білім мен кәсіби біліктілік ескеріледі», — деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, қазіргі Қазақстанда еркін ойлы, заңға құрметпен қарайтын жаңа буын өсіп келеді.

«Заң мен Тәртіпті құрметтеу — бұлжымас қағидаға айналуда. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан дамудың жаңа сапалы кезеңіне қадам басты. Алайда өзгерістерді жариялау жеткіліксіз, оларды берік орнықтыру да маңызды. Бұл үшін қоғамдық сананы жаңғырту қажет. Осы орайда, құрметті ұстаздар, сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Себебі нағыз Адал азамат ең алдымен мектеп қабырғасында қалыптасады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Биылғы Тамыз конференциясы «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналды.

Ұқсас жазбалар

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.