«Қызметкерді қорқытқан» видео: Қорғаныс министрлігі тексеріс бастады

Әлеуметтік желіде бірнеше әскери қызметкер қатысқан онлайн-жиналыстың бейнежазбасы тарады. Видео авторларының айтуынша, оқиға Қызылорда облысындағы әскери бөлімде болған.

Кадрларда бөлім басшысы қол астындағы қызметкерге қатты дауыс көтеріп, қорқытып сөйлегені байқалады. Көпшілік бұл әрекетті этикалық нормаларға қайшы деп бағалаған.

Қорғаныс министрлігі жағдайдың шындыққа сай екенін растады.

 “Бұл факт бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды. Оның нәтижесінде тиісті құқықтық баға беріледі,” — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Министрлік әскери ортадағы тәртіп пен этикалық талаптардың бұзылуына жол берілмейтінін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Елімізде жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны 20%-ға азайды

ІІМ мәліметінше, жол апатынан қаза тапқандар саны 20%-ға, жарақат алғандар саны 7%-ға азайған. Қоғамдық орындардағы…

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты. Апат кезінде автобуста 48 адам болған, 8…

АҚШ-та 64 жастағы әйел қызы мен төрт немересін улап өлтірді

АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Механиквилл қаласында 64 жастағы әйел өзін, қызын және төрт немересін улап өлтірді.…