Categories Жайық news

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

Фото: istockphoto.com

Биыл алты айда Қазақстандағы жол апаттарынан бес жарым мың бала жараланса, 135 бала қаза тапқан. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Саян Әбденов мәлім етті.

Жалпы, дереккөзге сүйенсек, 2025 жылдың алты айында Қазақстанда 8,5 млн әкімшілік құқық бұзу фактісі тіркелген. Соның ішінде 7 млн іс көлік жүргізушілеріне қатысты болған.

«Алты айдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларынан 5,5 мыңнан астам бала зардап шекті, 135 бала қаза тапты», — деп хабарлады ресми өкіл.

Сондай-ақ, ресми статистикаға сүйенсек, алты айда 11 мыңнан астам адам көлікті мас күйінде басқарған. Олардың 158-і жол-көлік оқиғасын жасап, салдарынан 282 адам зардап шеккен, 17 адам қаза болған.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…