Categories Шартарап

Қазақ футболшысы Дастан Сатпаевтың жейдесі Будапештегі көрмеге қойылды

Сурет: Бейнежазбадан

Алматылық «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сатпаевтың жейдесі Чемпиондар лигасы финалы қарсаңында Будапеште өткен арнайы көрмеге қойылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көрмеге Еуропаның әр түкпірінен жиналған футбол жанкүйерлері мен спорт әлемінің өкілдері қатысты. Сатпаевтың жейдесі қазақ футболының халықаралық аренадағы жетістіктерінің бірі ретінде таныстырылды.

«Бұл – менің ғана емес, бүкіл қазақ футболының мақтанышы. Жейдемнің осындай беделді көрмеге қойылғанына қуаныштымын», – деді Дастан Сатпаев.

Айта кетейік, бұған дейін де бірнеше қазақстандық футболшының жеке заттары халықаралық көрмелерге қойылған болатын. Бұл жолы Сатпаевтың жейдесі Чемпиондар лигасының финалымен тұспа-тұс келіп, ерекше назарға ілікті.

Ұқсас жазбалар

Астанада «Болашақ ойындары 2026» турнирінің аккредиттеу орталығы ашылады

8 шілдеде Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде «Болашақ ойындары 2026» турнирінің Аккредиттеу орталығы ашылады.

Қазақстан 2027 жылы киберспорттан әлем чемпионатын өткізеді

Қазақстан 2027 жылы IESF World Esports Championship 2027 киберспорттық әлем чемпионатын қабылдайды.

Білім беру ұйымдарының өнерпаздары 1200-ден астам жүлделі орын алды

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден…