Categories Саясат

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы болып сайланды. Бұл шешім партияның кезектен тыс съезінде қабылданды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін партияны ұзақ жылдар бойы басқарған Азат Перуашев Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды. Съезде сөйлеген сөзінде Перуашев Еспаеваны заманауи Қазақстан саясаты мен экономикасындағы жаңа үрдістердің бастамашысы деп сипаттады.

«Дания ханым – жаңа үрдістер мен дәстүрлердің көшбасшысы. Оның таланты, интеллекті, дұрыс шешім қабылдай білу қабілеті, батылдығы және өзгелер мүмкін емес деп санаған істерді алғаш болып жүзеге асыруға дайын болуы партиямызға жаңа серпін мен оң өзгерістер әкеледі деп сенемін», – деді ол.

Съезде партия мүшесі Меруерт Қазбекова Еспаеваның кандидатурасын қолдаса, Қарағанды облысынан келген делегаттардың бірі төрағалыққа Ермек Әбілдинді ұсынды. Дауыс беру қорытындысы бойынша көпшіліктің қолдауымен Дания Еспаева партияның жаңа төрағасы болып сайланды.

Айта кетейік, Азат Перуашев «Ақ жол» партиясы төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді.

Ұқсас жазбалар

«Respublica» партиясының съезінде жаңа Конституцияға сәйкес Жарғы бекітілді

«Respublica» партиясының съезінде делегаттар жаңа Конституцияға сәйкес Жарғыны бекітті.

«Әділет» партиясы III кезектен тыс Съезін өткізеді

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай партияның III кезектен тыс Съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды.

Respublica партиясы сайлауалды науқанға ресми түрде кірісті

Астанада Respublica партиясының кезектен тыс съезі өтті. Делегаттар партияның алдағы даму бағытын айқындап, алдағы электоралды…