Categories Жайық news

Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Республикалық референдум күні Орал қаласындағы Достық үйінде орналасқан №230 референдум учаскесінде тұрғындар үшін ерекше әрі көңілді шара ұйымдастырылды. Дауыс беруге балаларымен бірге келген ата-аналардың балалары үшін аквагрим бұрышы жұмыс істеді.

Шара барысында кішкентайлардың бетіне түрлі әсем суреттер — ертегі кейіпкерлері, гүлдер мен ұлттық ою-өрнектер бейнеленіп, балалардың көңілі көтерілді. Бұл бастама дауыс беруге келген отбасыларға жайлы атмосфера қалыптастырып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар референдум күні учаскеге келген тұрғындарға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, балалардың уақытын қызықты өткізуіне мүмкіндік береді. Кішкентайлар аквагрим арқылы қуанып жатса, ата-аналар азаматтық парыздарын орындап, өз таңдауларын жасауға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, өңірдегі бірқатар референдум учаскелерінде концерттер, жәрмеңкелер және басқа да мәдени шаралар ұйымдастырылып, дауыс беру күніне ерекше мерекелік сипат берілді.

Ұқсас жазбалар

Жалаңаш фото жіберген: Қазақстанда бала саудагерлеріне қатысты сот үкімі шықты

Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары кәмелетке толмаған балаларды сатып, олардың суреттерін шетелдіктерге жібергені үшін сотталды.

Трамп күтпеген мәлімдеме жасады: АҚШ пен Иран уақытша бітімге келді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен екі аптаға атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді. Келіссөздер Пәкістанда…

БҚО-да жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрады

Облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Тілепберген Каюповтың төрағалығымен өткен кеңесте жұмыспен қамтудың белсенді шараларының І…