Categories Жайық news

Жалақысын сұрап барып, бастығын атып тастады: СҚО-дағы қатыгез қылмысқа нүкте қойылды

Солтүстік Қазақстан облысында шаруа қожалығының басшысын өлтірген 23 жастағы жігіт 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға өткен жылдың күзінде Докучаево ауылында болған. 23 жастағы Вадим Орлов мас күйінде қолына мылтық алып, жалақысын даулау үшін фермер Азамат Батановтың үйіне барған.

Іс материалдарына сәйкес, Орлов алдымен басқа ауыл тұрғынына шабуыл жасаған. Кейін фермердің үйіне келгенде, қожалық басшысы өзін қорғау үшін аспанға ескерту оғын атқан. Алайда айыпталушы оны өз мылтығымен атып өлтіріп, артынша марқұмның мылтығымен тағы бірнеше рет оқ жаудырған.

Алқабилер жігітті кісі өлтіру бойынша кінәлі деп таныды. Сот оның шын жүректен өкінгенін ескергенімен, қылмысты мас күйде жасауы жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қаралды.

Сондай-ақ қылмыс қаруын жасырған Орловтың сыбайласы екі жылға сотталды. Үкім бойынша сотталушы марқұмның отбасындағы әрбір адамға 2,5 миллион теңгеден өтемақы төлеуге міндеттелді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Түркияда қазақстандықты басынан атып өлтірді: қылмыс сәті видеоға түсіп қалған

Түркияның Ыстамбұл қаласында курьер болып жұмыс істеген қазақстандық азаматты атып кетті. Күдікті ретінде екі Грузия…

Иран АҚШ-тың ұсынысына жауап берді: Тегеран соғысты тоқтатудың 10 шартын жариялады

Тегеран АҚШ-тың ұсынысына Пәкістан арқылы ресми жауап берді. Иран уақытша бітімнен бас тартып, соғысты тоқтатудың…

NASA тарихи рекорд орнатты: «Орион» кемесі Айдың арғы бетінен ұшып өтті

NASA-ның «Орион» кемесі Айды айналып өтіп, 1970 жылы «Аполлон-13» орнатқан рекордты жаңартты. Бұл ғарышты игерудегі…