21 мамырда ауа райы қандай: найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі

21 мамырда Қазақстанның көптеген өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады. Астанада кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында күн күрт суытады. Орал өңірінде де жел күшейіп, уақытша жаңбыр жаууы мүмкін.

Температура күндіз +15…+20 градус шамасында болады, бірақ кешке қарай салқындайды. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Мамандар азаматтарды сақ болуға шақырады: найзағай кезінде ашық жерде жүрмеу, ағаш астына тығылмау керек. Бұршақ түскенде көлікті баспанаға қойған жөн.

Ұқсас жазбалар

Елімізде жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны 20%-ға азайды

ІІМ мәліметінше, жол апатынан қаза тапқандар саны 20%-ға, жарақат алғандар саны 7%-ға азайған. Қоғамдық орындардағы…

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты. Апат кезінде автобуста 48 адам болған, 8…

АҚШ-та 64 жастағы әйел қызы мен төрт немересін улап өлтірді

АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Механиквилл қаласында 64 жастағы әйел өзін, қызын және төрт немересін улап өлтірді.…