Биыл әскери парад болмайды: Қорғаныс министрлігі не дейді?

Қазақстанда 2026 жылы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери парад өткізілмейді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік өкілдері бұл шешімнің бірнеше себебі барын айтады. Ең бастысы – әскери шығындарды оңтайландыру және қаражатты әскердің техникалық жарақтануына бағыттау.

«Біз парадтан гөрі сарбаздардың күнделікті дайындығы мен қару-жарақты жаңартуға басымдық беруді жөн көрдік. Бұл – уақытша шара», – деді ведомство өкілі.

Биыл ел бойынша тек жергілікті деңгейде салтанатты шаралар мен патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Ал Батыс Қазақстан облысында да ірі әскери шеру жоспарланбаған.

Айта кетейік, өткен жылы Астанадағы парадқа республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге жұмсалған еді. Биыл бұл қаражат әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға кетпек.

Ұқсас жазбалар

Елорда күні елімізде 448 сәби дүниеге келді

Астана күнінде Қазақстанның перзентханаларында 448 нәресте дүниеге келді. Оның 223-і ұл, 225-і қыз.

Үндістандағы көшкін мен су тасқынынан 13 адам қаза тапты

Үндістанның Махараштра штатында нөсер жаңбырдан болған көшкін мен су тасқынынан 13 адам қаза тауып, 10…

14 облыста аптап ыстық күтіледі — Қазгидромет

«Қазгидромет» болжамынша, бүгін Қазақстанның 14 облысында қатты ыстық болады.