Categories Жайық news

Зеленский: Соғыстың аяқталуын жақындататын келісім 100% дайын

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-пен жасалатын екіжақты қауіпсіздік кепілдіктері туралы тарихи келісімнің мәтіні толық дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Зеленскийдің айтуынша, бұл құжат соғыстың аяқталу мерзімін айқындап, Украинаға ғана емес, бүкіл Еуропаға тұрақтылық әкелуі мүмкін. Ол АҚШ-тың нақты кепілдік беруі аса маңызды екенін атап өтті.

«Украина үшін нақты қауіпсіздік кепілдіктері — осы соғыстың аяқталу күнін белгілейді. Бұл Украинадағы ғана емес, Еуропадағы ықтимал соғыстың да бітуіне жол ашады. Біз үшін ең бастысы — АҚШ тарапынан берілетін екіжақты қауіпсіздік кепілдіктері», — деді Украина президенті.

Ол келісім мәтіні толық әзірленгенін және енді тараптар оған қай жерде және қашан қол қоятынын анықтап жатқанын жеткізді.

«Біз серіктестерімізден құжатқа қашан және қай жерде қол қоятынымыз туралы нақты жауап күтіп отырмыз. Осыдан кейін келісім ратификациялау үшін АҚШ Конгресі мен Украинаның Жоғарғы Радасына жіберіледі», — деп толықтырды Владимир Зеленский.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.