Categories Спорт

Әлем чемпионаты: бүгін Аргентина, Австрия, Франция және басқа құрамалар алаңға шығады

Сурет: sportilinet.kz

Бүгін әлем чемпионатының J тобында Аргентина мен Австрия құрамалары екінші тур аясында кездеседі. Сондай-ақ турнир фавориттері Франция мен Норвегия да ойнайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Аргентина мен Австрия арасындағы матч Астана уақытымен сағат 20:00-ге жоспарланған. Ол АҚШ-тың Даллас қаласында өтеді, төреші — мысырлық Амин Омар. Бұл құрамалар тарихта үшінші рет кездеседі: бұған дейін Аргентина бір рет жеңіп, бір ойын тең аяқталған. Бірінші турда Аргентина Алжирді 3:0, ал Австрия Иорданияны 3:1 есебімен ұтқан.

23 маусымға қараған түні сағат 02:00-де Франция мен Ирак ойнайды. Матч Филадельфиядағы «Lincoln Financial Field» стадионында өтеді. I тобындағы алғашқы ойында Франция Сенегалды 3:1, ал Ирак Норвегиядан 4:1 есебімен ұтылған.

Сондай-ақ I тобында Норвегия мен Сенегал кездеседі (23 маусым сағат 05:00), ал сағат 08:00-де Алжир мен Иордания Санта-Кларадағы «Levi’s Stadium» аренасында ойнайды.

Әлем чемпионатының матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей көрсетеді. Сондай-ақ ойындарды qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында, «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасында және «Birge.tv» платформасында онлайн көруге болады.

Ұқсас жазбалар

Түркия әлем чемпионатындағы жолын ерте аяқтады

Түркия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде екінші турдан кейін плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды.

Холанд дубль жасап, Норвегияны плей-оффқа шығарды

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында Норвегия құрамасы Сенегалды 3:2 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын…

Футзалдан әлем чемпионатының іріктеу жеребесі тартылды

Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан 2008 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды.