Categories Жайық news

«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам — жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды

Теректі ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы М.Байсаловтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілер мен аудан жастары арасында өткен «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам — жарқын болашақ кепілі» атты аудандық эссе байқауының қорытындылау шарасы өтті. Шығармашылық сайыс аясында қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік аппаратта адалдық пен парасаттылық қағидаттарын нығайту мәселелеріне арналған еңбектері сарапқа салынды.

Департамент басшысы М.Байсалов байқау қатысушыларымен кездесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы құқықтық сауаттылық пен қоғамдық бақылаудың рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру, кадр саясатын жетілдіру және жастардың мемлекеттік басқару ісіне белсенді қатысуының маңыздылығы жөнінде сөз қозғады.

Іс-шара соңында Департамент басшысы М.Байсалов шығармашылық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысып, үздік деп танылған жұмыс авторларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Байқау қорытындысы бойынша жастар арасында адалдық құндылықтарын дәріптеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында «50 жаңа аула» экологиялық акциясы жалғасуда

Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «50…

Сарыарқа ауданында соңғы екі жылда 50-ден астам аула жаңартылды

Астанадағы Сарыарқа ауданында соңғы екі жылда 50-ден астам аула жаңартылды. 2025 жылы 52 аула абаттандырылып,…

Обсуждены вопросы инвестирования в сферу науки 

В ЗКАТУ имени Жангир хана состоялся научно-технологический семинар «Технологии. Инвестиции. Партнерство: новые точки роста экономики»…