Categories Жайық news

БҚО-да батпаққа батқан көліктен алты адам құтқарылды

Батыс Қазақстан облысында батпаққа батып қалған жеңіл көліктің ішінде болған алты адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқиға Ақжайық ауданына қарасты Бударин ауылдық округінде, Самал және Бударин ауылдарының арасында болған. «Атырау-Орал» тасжолынан 18 шақырым қашықтықтағы «Самаркино» су қоймасының маңында жеңіл көлік лайсаң жолда батып, шыға алмай қалған.

Шақырту орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары көліктегі алты адамды қауіпсіз жерге көшіріп, жақын маңдағы елді мекенге жеткізді.

Құтқарылған азаматтардың денсаулығына қауіп төнбеген. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Есірткі тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген әйел Қазақстанға қайтарылды

Ірі көлемде есірткі контрабандасы мен оны өткізгені үшін сотталған әйел Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды.

Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Астанада құрылыс компаниясының басшысынан 80 млн теңге бопсалаған адвокат пен оның серігі ұсталды.

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…