Categories Жайық news

Дариға Назарбаева саясатқа орала ма? Депутат Бапи соңғы нүктені қойды

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи бұрынғы президенттің қызы Дариға Назарбаеваның саясатқа оралуы туралы қауесетке қатысты түсініктеме беріп, бұған заң жол бермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде Дариға Назарбаеваның елге оралып, вице-президент сияқты жоғары лауазымды қызметке тағайындалуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын. Депутат осы тақырыптағы дауды тоқтатуды жөн санаған.

«Жаңа Конституция жобасында қазіргі және бұрынғы президенттердің отбасы мүшелері мемлекеттік саяси қызметке тағайындала алмайтыны туралы арнайы бап бар. Сондықтан бұл тақырыпты одан әрі талқылаудың қажеті жоқ. Заң бәріне ортақ», – деді Ермұрат Бапи.

Оның айтуынша, бұл норма непотизмге жол бермеу және саяси институттарды нығайту мақсатында енгізілген. Осылайша, депутат қоғамдағы қате түсініктердің алдын алып, Назарбаевтар отбасы мүшелерінің саяси мансабына қатысты заңнамалық шектеулер барын еске салды.

Фото: Валерий Шарифулин / ТАСС

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…