Categories Әлем

Францияда Эбола вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Францияда Эбола вирусын жұқтырудың алғашқы дерегі анықталды. Науқас – Конго Демократиялық Республикасындағы гуманитарлық миссиядан оралған дәрігер, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Франция Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, вирус жұқтырған азамат санитарлық талаптар сақтала отырып ауруханаға жеткізіліп, оқшауланған бөлімге орналастырылған. Қауіпсіздік мақсатында емдеу мекемесінің нақты орны жарияланбады.

Қазір мамандар науқаспен байланыста болған адамдарды анықтап жатыр. Олар үш апта бойы үй жағдайында карантинде болады.

Мамандардың айтуынша, қазіргі эпидемия кезінде таралып жатқан «Бундибуджио» штамына қарсы тиімді вакцина да, арнайы емдеу тәсілі де жоқ. Вирус адамнан адамға дене сұйықтықтары арқылы тікелей байланыс кезінде жұғады. Аурудың өлім-жітім көрсеткіші шамамен 40 пайызды құрайды. Дәрігердің жағдайы тұрақты деп бағаланған.

Бұл – қазіргі Эбола індеті басталғалы бері Африка құрлығынан тыс жерде тіркелген алғашқы жағдай. Ресми деректерге сәйкес, Конго Демократиялық Республикасында осы уақытқа дейін вирус жұқтырудың 1 100-ге жуық расталған жағдайы анықталған.

Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі мен өлім жағдайлары елдің солтүстік-шығысындағы қақтығыстар жалғасып жатқан Итури провинциясында тіркелген. Онда Эболадан шамамен 280 адам көз жұмған.

Вирус көршілес Угандаға да тараған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл елде 20 адамнан Эбола анықталғанын, олардың 2-і қайтыс болғанын хабарлады.

Ұқсас жазбалар

Германияда аурухана өрті: екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды

Германиядағы аурухана өртінен екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды. Өрт радиология бөлімшесінің шатырында…

Қырғызстанның экс-қауіпсіздік басшысы 4 жылға сотталды

Қырғызстанның бұрынғы ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев 4 жылға сотталды, бірақ пробациялық бақылауға байланысты түрмеде отырмайды.

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…