Categories Әлем

Түркістан облысында 35 мыңнан астам түлек мектеп бітірді

Сурет: Jas Qazaq

Түркістан облысындағы мектептерде салтанатты жиындар өтті. 35 мыңнан астам оқушы соңғы қоңырау соғып, мектеппен қоштасты.

Биылғы түлектердің ішінде 2 мыңға жуығы үздік аттестат алды. Олардың қатарында республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері де бар.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды түлектерге жылы лебізін білдірді:

Әрқайсыңның алдарыңда үлкен жол жатыр. Білімдеріңді шыңдап, еліміздің дамуына үлес қосатындарыңа сенемін.

Мектеп бітіру кештері 1 маусымға дейін жалғасады. Одан кейін түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұқсас жазбалар

«Euronews» телеарнасы қазақ тілінде хабар таратуды бастады

«Euronews» телеарнасы қазақ тілінде халықаралық жаңалықтар таратуды ресми түрде іске қосты. Қазақ тілі медиажелінің 14-негізгі…

Парагвай сенаторы Мбаппеден көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етті

Парагвай сенаторы Селеста Амарилья Килиан Мбаппенің үстінен сотқа жүгінуі мүмкін екенін мәлімдеп, футболшыдан көпшілік алдында…

Песков: Ресей Үшінші дүниежүзілік соғысты бастамайды деп мәлімдеді

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков швейцариялық БАҚ-қа берген сұхбатында Ресей ешқашан Үшінші дүниежүзілік соғысты…