Categories Жайық news

Кабинеттегі төбелестен кейін Серік Сәпиев пен орынбасары жұмыстан босатылды

Қарағанды облысының спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еріктерімен қызметінен кетті. Бұл шулы отставканың алдында жұмыс кабинетінде жанжал шығып, оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты кейіннен қылмыстық іс те қозғалған. Олимпиада чемпионының өзі бұл оқиғаны жеке бас араздығымен емес, заңсыз кадрлық ауыс-түйісті тоқтату әрекетімен түсіндірді.

Сәпиевтің сөзінше, өңірдегі кейбір ықпалды тұлғалар спорт мектептерінің басшыларын оның рұқсатынсыз тағайындауға тырысқан. Оның осы «жүйеге» қарсы тұруы физикалық қақтығысқа әкеліп, ақыры тағайындалғанына бірнеше ай ғана болғанда қызметінен кетуіне себеп болды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

Оралда Астана күніне орай көпшілік велошеру болды

Оралда Астана күні мерекесіне орай көпшілік велошеру ұйымдастырылды. Спорттың бұқаралығын арттыру және салауатты өмір салтын…

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…