Categories Саясат

Аида Балаева Астана мектебіндегі TopIQ Smart Class жүйесімен танысты

Мемлекеттік кеңесші Аида Балаева Астанадағы №81 мектеп-лицейге барып, заманауи білім беру жүйесімен танысты. Ол TopIQ Smart Class платформасының мүмкіндіктерін өз көзімен көрді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жүйе оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, мұғалімдерге оқу үдерісін тиімді басқаруға көмектеседі. Платформа интерактивті тапсырмалар мен жеке оқу траекториясын ұсынады.

«Білім саласына цифрлық технологияларды енгізу – бүгінгі күннің басты талабы. TopIQ Smart Class осы бағыттағы маңызды қадам», – деді Аида Балаева.

Мектеп әкімшілігі жүйені енгізу нәтижесінде оқушылардың үлгерімі 15 пайызға артқанын айтты. Балаева бұл тәжірибені еліміздің басқа өңірлеріне де тарату керектігін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

«Әділет» партиясы облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалында конференция өтті. Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…