Categories Шартарап

Астаналық оқушылар Ұлыбританияда өткен робототехника чемпионатында топ жарды

Астаналық оқушылар Ұлыбританияда өткен халықаралық робототехника чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс Харрогейт қаласындағы UK First Lego League Championship аясында өтті. Оған әлемнің 20-дан астам елінен 100-ге жуық команда қатысты.

Астананың «Robo Tech» лицейінің оқушылары өз жобаларымен қазылар алқасын тәнті етті. Жеткіншектер экологиялық мәселелерді шешуге арналған робот ұсынды.

«Біздің команда үш ай бойы дайындалды. Жеңіс – үлкен еңбектің жемісі. Балалардың таланты мен табандылығы зор», – деді жетекшісі Нұрлан Серікқалиев.

Жеңімпаздарға кубоктар мен арнайы сертификаттар табысталды. Енді олар халықаралық ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Ұқсас жазбалар

Шымкенттегі Mega Planet орталығында домбырашылар шеруі өтті

Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған домбырашылар шеруі Mega Planet ойын-сауық орталығында жалғасты.

Мексика жанкүйерлері Англия футболшыларына түні бойы ұйқы бермеді

Мексикалық жанкүйерлер Мехикодағы қонақүйде орналасқан Англия құрамасының тыныштығын бұзды. Олар түні бойы отшашу атып, оркестрмен…

Бельгияда домбыра үні әуеледі

Бельгиядағы қазақ диаспора өкілдері мен шетелдіктерден құралған DOMBRAssadors ансамблі Брюссельде тігілген киіз үйдің жанында қазақ…