Categories Қаржы

Қазақстан ОПЕК+ елдерімен бірге тамызда мұнай өндіруді арттырады

Сурет: Samco

Қазақстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман 2026 жылғы тамыздан бастап мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге ұлғайтуды көздеп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ОПЕК-тің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, 2023 жылдың сәуірі мен қарашасында қосымша ерікті шектеу енгізген жеті мемлекет 2026 жылғы 5 шілдеде бейнеконференция өткізді. Тараптар әлемдік мұнай нарығындағы ахуал мен болашақ жоспарларды талқылады.

Мұнай нарығының тұрақтылығын қолдау мақсатында жеті қатысушы ел 2023 жылғы сәуірдегі қосымша ерікті түзетулермен салыстырғанда өндіріс көлемін тәулігіне 188 мың баррельге түзету туралы шешім қабылдады. Бұл өзгеріс келісілген кестеге сәйкес 2026 жылдың тамыз айынан бастап күшіне енеді, — делінген хабарламада.

2023 жылғы сәуірдегі қосымша ерікті шектеулер нарық жағдайына қарай ішінара немесе толық жойылуы мүмкін. Бұл жоспар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Қатысушы елдер мұнай нарығындағы жағдайды мұқият бақылап, өзгерістерді тұрақты бағалайды.

ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет бұл шешім өтемақы міндеттемелерін орындау қарқынын жеделдететінін атап өтті. Олар 2024 жылдың қаңтарынан бері артық өндірілген мұнайды толық өтейтінін растады.

ОПЕК сайтындағы кесте бойынша, Қазақстан тамыз айында мұнай өндіруді тәулігіне 10 мың баррельге арттырып, тәуліктік көлемді 1,618 млн баррельге жеткізбек. Келесі кездесу 2026 жылғы 2 тамызда өтеді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан 2026 жылға дейін алма импортын шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма импортына уақытша шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы…

ОПЕК+ елдері тамызда мұнай өндіруді арттыруға келісті

ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет тамыз айында мұнай өндіру лимитін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті.

Қазақстанда 100 млн еуродан асатын сутегі өндіру жобасы іске асырылады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Air Liquide, Wabtec және Alstom компанияларының басшыларымен кездесіп, Қазақстандағы инвестициялық…