Categories Әлем

Энергетика министрлігі Орынбордағы газ зауытына шабуылға қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: pixabay

Энергетика министрлігі Орынбордағы газ өңдеу зауытына жасалған шабуылға байланысты пікір білдірді. Ведомство елдің газбен қамту жүйесі қалыпты жұмыс істеп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрінің кеңесшісі әрі ресми өкілі Әсел Серікбаеваның айтуынша, диспетчерлік қызметтер газ жеткізу логистикасын жедел түзетіп, қарсы бағыттағы газ көлемдерін баламалы маршруттар арқылы жеткізуді ұйымдастырған.

Отын көлемі басқа көздер есебінен үздіксіз қамтамасыз етіліп отыр. Қазақстанның газ инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ішкі нарық энергия ресурстарымен толық қамтамасыз етілген. Жағдай министрлік пен ұлттық оператордың тұрақты бақылауында, — деді ол.

Бұған дейін украиналық дрондардың Орынбор облысындағы газ өңдеу зауытына шабуыл жасағаны хабарланған еді. Өңір губернаторы Евгений Солнцев өнеркәсіп нысанының үстінде бірнеше ұшқышсыз аппараттың атып түсірілгенін мәлімдеді.

Оқиғадан кейін Орынбор, Орск және Ясный қалаларының әуежайларында әуе кемелерін қабылдау мен ұшыруға уақытша шектеулер енгізілді.

Ұқсас жазбалар

Қырғызстанның экс-қауіпсіздік басшысы 4 жылға сотталды

Қырғызстанның бұрынғы ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев 4 жылға сотталды, бірақ пробациялық бақылауға байланысты түрмеде отырмайды.

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…