Categories Саясат

Қайталанған сталкинг үшін бас бостандығынан айыру жазасы енгізіледі

Сурет: nippon.com

Ішкі істер министрлігі сталкинг жасағаны үшін сотталған адамның жәбірленушіні қайтадан қудалаған жағдайларында жазаны қатаңдатуды ұсынып отыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министр орынбасарының айтуынша, сталкинг туралы бапты қолдану тәжірибесі қолданыстағы шаралардың жеткіліксіз болуы мүмкін екенін көрсеткен. Мысалы, Алматы облысы аумағында осы бап бойынша сотталған азаматтың сот үкімі мен қамауға алу жазасына қарамастан, жәбірленушіні қайтадан қудалауды жалғастырған жағдайы тіркелген.

«Біз оған қатысты қайтадан қылмыстық іс қозғадық. Алайда қайталану қағидаты мен бірнеше рет жасалу белгісі – тиімді жұмыс істеуді қажет етіп отырғанын көріп отырмыз», деді Санжар Әділов.

ІІМ ұсынысына сәйкес, егер адам сталкинг үшін бұрын сотталып, кейін қайтадан жәбірленушіні қудаласа, бұл жағдай «қайталанған құқық бұзушылық» ретінде ескерілуге тиіс.

«Біз бұл санатты орташа ауырлықтағы қылмыстар қатарына ауыстырып, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыруды жоспарлап отырмыз», деп қосты С. Әділов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәселе Мәжіліс жанындағы жұмыс тобының алаңында талқыланып жатыр.

Ұқсас жазбалар

«Respublica» партиясының съезінде жаңа Конституцияға сәйкес Жарғы бекітілді

«Respublica» партиясының съезінде делегаттар жаңа Конституцияға сәйкес Жарғыны бекітті.

«Әділет» партиясы III кезектен тыс Съезін өткізеді

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай партияның III кезектен тыс Съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды.

Respublica партиясы сайлауалды науқанға ресми түрде кірісті

Астанада Respublica партиясының кезектен тыс съезі өтті. Делегаттар партияның алдағы даму бағытын айқындап, алдағы электоралды…