Categories Ақорда

Аида Балаева: Конституцияға қатысты фейктер тарап, тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттер жасалуда

Біз бүгінде еліміздің алдағы даму бағыты айқындалатын тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Жаңа Конституция жобасын талқылау – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды оқиғаға айналды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева фейсбукте жазды.

Өкінішке қарай, кейбір әлеуметттік желі қолданушылары жағдайды теріс мақсатта пайдаланып, еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерге баруда. Арандатушылар негізсіз ақпарат таратып, жалған парақшалар мен аккаунттар ашқан (мысалы, Мұхтар Шахановтың, Шавкат Рахмоновтың және өзге де тұлғалардың атынан ашылған фейк-аккаунттар арқылы тіл, жерді сату секілді мәселелер бойынша арандатушылық ақпарат пен үндеулер жариялануда), — дейді Аида Балаева.

Оның айтуынша, елде ірі митингілер мен жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр деген жалған хабарлар таратылып, Конституцияның жекелеген баптарын әдейі бұрмалап түсіндіру фактілері де кездесуде.

Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал парақшаларға техникалық шабуылдар жасалып жатқаны туралы да хабарлар түсіп отыр. Қазіргі уақытта уәкілетті орган ретінде біз бұл жағдайды жан-жақты зерделеп, тиісті шаралар қабылдап жатырмыз. Осыған байланысты тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын. Жалған ақпарат тарату қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады, — деп жазды министр.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысының тапсырмасы: Қазақстанда отандық ғалымдардың әзірлемелері негізінде жаңа зауыт іске қосылды

Алматы қаласында қазақстандық технологиялар негізінде өндірістік қалдықтардан құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт іске қосылды. Жоба…

Тао Минсю Мемлекет басшысының атынан ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды  

Миллиондаған оқырманы бар қытайлық блогер, Kazakh Tourism амбассадоры Тао Минсю Мемлекет басшысының атынан ІІ дәрежелі…

Казахстан вступает в один из наиболее важных этапов политической трансформации — статья Токаева в «The National Interest»

В американском журнале The National Interest вышла статья Президента Касым-Жомарта Токаева о новом Основном законе страны, передает агентство Kazinform. В…