ШҚО-дағы тасжолда екі көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында Алматы – Өскемен – Ресей шекарасы бағытындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан екі адам көз жұмып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 5 маусым күні таңертең болған. Шамамен сағат 08:00-де жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, жеңіл көліктегі екі адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

«Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталып жатыр. Жол полициясы қызметкерлері тергеу жүргізуде», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апатына қатысқан жүк көлігінің жүргізушісіне медициналық куәландыру жүргізілді. Ол аман, қазір тергеу амалдарына қатысуда.

Ұқсас жазбалар

Алматы әуежайының шатыры нөсерге шыдамады: Министр не деді?

Алматы әуежайының шатыры нөсерге шыдамай, су ішке кірді. Министр Нұрлан Сауранбаев себебін айтып, жөндеу жұмыстары…

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды: жаңа нормалар күшіне енеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды. Құжаттардың мәтіні ресми баспасөзде жарияланады.

Алматыда әйелдерге балағат сөз үйреткен коучтың ісі сотқа жетті

Алматыда әйелдерге арналған тренингте балағат сөз айтуды үйреткен коуч полицияның тексерісіне ілігіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.