Categories Жайық news

Жерді жалға алу: Үкімет фермерлерге бес жылдық инвестиция шартын қойды

Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру конкурсының ережелеріне маңызды өзгеріс енгізілді. Енді жерді иеленгісі келетін кез келген үміткер алғашқы бес жыл ішінде әр гектарға қанша қаражат құятынын нақты көрсетуі тиіс, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл жаңашылдық 2025 жылдың тамызынан бастап күшіне енеді. Биліктің мақсаты – жерді алып, оны игермей бос қалдыратын кәсіпкерлерден арылу. Яғни, конкурсқа нақты жоспары мен қаржылық мүмкіндігі бар азаматтар ғана қатыса алады.

Сонымен қатар, үміткерлерді іріктеу кезінде олардың ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының болуы, мал басының саны және білікті мамандарының бар-жоғы ескеріліп, қосымша ұпай беріледі. Бұл – жерді тиімді пайдаланудың кепілі.

«Бұл өзгерістер конкурстың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, жер нағыз еңбек етемін деген адамның қолына тиеді», – деді Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов.

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…