Қазақ қазаққа жау

Қазақтың ең ауыр дерті – сыртқы жаудан емес, ішкі алауыздықтан басталған. Тарихқа үңілсек, талай жеңіліс пен күйреудің түп-тамырында өзара бақталастық, көреалмаушылық, бірін-бірі сатушылық тұрған. «Бас-басына би болған өңкей қиқым» деген Абай сөзі ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтқан жоқ.

Қазақ қазаққа жау болған сәт – ұлт әлсіреген сәт. Бізді құртқан қару емес, қызғаныш. Туысының табысын көре алмайтын, ағайынын өсекпен сүріндіретін, бірінің жетістігіне бірі қуанбайтын қоғам – рухани тұрғыда жеңілген қоғам.

Бірі байып, бірі күйіп жатқанда, бірі мансап қуып, бірі намыс ұмытқанда – ұлттың іргесі сөгіледі. Бір-бірімізге әділетпен емес, есеппен қарау – осының дәлелі. Қазақтың жауы қазақ болса, онда сыртқы жаудың қажеті жоқ.

Бізге енді бірлік пен әділдік керек. Біріміздің қуанышымыз – бәріміздің қуанышымызға, біріміздің қателігіміз – бәріміздің сабаққа айналуы тиіс. Өзара сыйластықсыз елдің болашағы жоқ.

Қазақ қазаққа дос болған күні ғана – ұлт биіктейді. Бірлік – ұран емес, ұлттың тірі қалу шарты.

Бердалы Ораз

Ұқсас жазбалар

Қоғам қайраткерлеріне жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясының арнайы басылымын табыстау рәсімі өтті. Басылым даналары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың…

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе ресми делегация мүшелерінің қатысуымен келіссөз өткізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық…

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министріне «Достық» орденін табыстады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзеге І дәрежелі «Достық» орденін табыстады. Марапаттау рәсімінде…