Categories Әлем

Иран 14 маусымда АҚШ-пен меморандумға қол қоймайды

Сурет: Mehr News

Иран 14 маусымда АҚШ-пен соғысты реттеу үдерісін бастау туралы бірлескен меморандумға қол қоюдан бас тартты. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп мұндай мүмкіндікті жоққа шығармаған еді. Айта кетейік, 14 маусымда Трамптың 80 жасқа толған туған күні атап өтіледі.

Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюдың нақты күніне қатысты әзірге күте тұрған жөн. Бұл ертең болмайды, бірақ келісімнің жақын күндері жасалуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен қарсы тараптың тұрақсыздығын ескере отырып, бұл үдеріске қатысты кез келген мәлімдемеде сақ болуымыз қажет, – деп келтіреді Иранның Tasnim ақпарат агенттігі Багаидің сөзін.

Багаидің айтуынша, құжат әскери іс-қимылдарды тоқтатуға негіз болуы тиіс. Алайда бұл кезеңде Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі талқыланбайды.

Бұған дейін Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи АҚШ-пен Ирандағы әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы келісім жасасу жақын екенін және онда Ормуз бұғазының ашылуы қарастырылатынын мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер кейінірек басталады.

Ұқсас жазбалар

Францияда аптап ыстықтан бір аптада 2 мыңнан астам адам қайтыс болды

Францияда 22-28 маусым аралығында аптап ыстық салдарынан 2 мыңнан астам адам көз жұмды. Бұл туралы…

Португалияда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Португалияда аптап ыстыққа байланысты қызыл деңгейдегі дабыл жарияланды. Елдің 12 округінде жоғары дайындық режимі жексенбі…

Германияда аурухана өрті: екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды

Германиядағы аурухана өртінен екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды. Өрт радиология бөлімшесінің шатырында…