Categories Қаржы

Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 9,6%-ға өсті

Сурет: Egemen Qazaqstan

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 4 894 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істеді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 429 кооперативке немесе 9,6%-ға көп, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыс істеп тұрған кооперативтер санының өсуі бірнеше өңірде байқалды. Ең жоғары өсім Ұлытау, Павлодар, Атырау және Маңғыстау облыстарында тіркелді. Кооперативтердің ең көп саны Түркістан облысында – 994 кооператив, бұл республикадағы жалпы санының 20%-дан астамын құрайды. Негізгі қызмет түрлері бойынша мал шаруашылығы саласында 1 882 кооператив жұмыс істейді, ал аралас ауыл шаруашылығы саласында 1 554 кооператив маманданған.

2025 жылы кооперативтер өндірген өнім көлемі 117,6 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 40,2%-ға артық. Өткізілген өнімнің жиынтық көлемі 22,2%-ға өсті. Сондай-ақ кооперативтердің жекелеген ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етілу деңгейі де артты: тракторлар саны 24,9%-ға, соқалар саны 11,1%-ға көбейді.

Ұқсас жазбалар

Курчатовта қуаты 700 МВт жаңа электр стансасының құрылысы басталды

Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын жаңа конденсациялық электр стансасының құрылысы басталды. Жобаның басталуына орай…

Қазақстанда 7 шілдеден бастап барлық банкке бірыңғай QR-код жүйесі енгізіледі

Қазақстанда 7 шілдеден бастап барлық банкке бірыңғай QR-код жүйесі енгізіле бастайды. Жүйені толық іске қосу…

Қазақстанда бензин мен дизель экспортына тыйым ұзартылуы мүмкін

Энергетика министрлігі бензин, дизель отыны және бірқатар мұнай өнімдерін елден шығаруға қойылған тыйымды тағы алты…