Categories Қаржы

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге өсті. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, баға ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасып отыр.

«Менің мәліметім бойынша баға 3-4 теңгеге өсті. Сондықтан баға 10 теңгеге өсті деген пікір дұрыс емес деп ойлаймын. Бұл – нарықтық жағдай. Қандай да бір картельдік келісім жоқ. Бағаны ішкі сұраныс пен ұсыныс анықтайды. Мұнай бағасы да қазір қатты өсіп жатқан жоқ, шамамен 93,5 доллар деңгейінде тұрақтап тұр», деді министр.

Сонымен қатар ол Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және бағаның күрт өсуіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылданатынын айтты.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда бензин мен дизель экспортына тыйым ұзартылуы мүмкін

Энергетика министрлігі бензин, дизель отыны және бірқатар мұнай өнімдерін елден шығаруға қойылған тыйымды тағы алты…

Қазақстанда электромобильдер саны 55,6%-ға өсті

Қазақстанда электромобильдер саны 55,6%-ға өсіп, 24 634-ке жетті. Ең көп электромобиль Алматыда тіркелген.

Несие төлемін жеңілдететін жаңа жүйе іске қосылды

1 шілдеден бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Бірінші кредиттік бюро Finkelisim.kz платформасын…