Categories Ақорда

«Инвестиция,келіссөздер»: Президент Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары нәтижелі болды

Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға жасаған ресми сапары мазмұнды келіссөздерге және нақты нәтижелерге толы болды. Сапар аясында Мемлекет басшысы Күншығыс елінің жоғары басшылығымен, ірі жапон компанияларының топ-менеджерлерімен кездесулер өткізіп, Жапонияда білім алып, еңбек етіп жүрген қазақстандықтармен жүздесті.

Сапардың маңызды бағыттарының бірі – Қазақстан экономикасына инвестиция тарту. Президент Mitsui трансұлттық сауда компаниясы, Rakuten Group халықаралық технологиялық конгломераты, Sumitomo сауда-инвестициялық корпорациясы, Komatsu машина жасау корпорациясы, Hitachi Construction Machinery компаниясы, сондай-ақ Жапонияның металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі агенттігі басшыларымен келіссөздер жүргізді. Кездесулер барысында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.

Атап айтқанда, ядролық медицинаны дамыту, аса маңызды минералдарды барлау, логистика мен цифрландыру, «жасыл» технологияларды енгізу, құрылыс және тау-кен техникасын өндіру мен сервистік қызмет көрсету салаларындағы бірлескен жобаларға басымдық берілді.

Жоғары деңгейдегі саяси кездесулер де сапардың мазмұнын айқындады. Император Нарухито мен Жапония Премьер-министрінің Президентті бір күнде қабылдауы Қазақстан басшысына көрсетілген ерекше ілтипат ретінде бағаланды. Мұндай протоколдық тәжірибе жапон дипломатиясында сирек кездеседі және мейманға деген жоғары құрметтің белгісі саналады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Токио губернаторымен кездесті. Тараптар қала басқару ісінде Smart city технологияларын дамыту, инновациялық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысында Қазақстан мен Жапония астаналары арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Жалпы, Президенттің Жапонияға ресми сапары Қазақстан–Жапония стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге көтеріп, экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған маңызды қадам болды.

Бердалы Ораз (Жайық тілшісі)

Ұқсас жазбалар

Президент Алатау қаласын дамытуды маңызды міндет деп санайды

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуды тағы бір маңызды міндет ретінде атады. Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

Астанада Конституция аллеясы салтанатты түрде ашылды

Астанада Конституция аллеясы пайдалануға берілді. Жаңа нысан Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Президенттің Мемлекеттік архиві мен…