Categories Қаржы

1 шілдеде электр энергиясының бағасы өзгеріссіз қалады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Елімізде 1 шілдеден бастап электр энергиясына тарифті көтеру жоспарланбайды. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін «Ашық НҚА» порталында электр энергиясына шекті тарифтерді өзгерту туралы бұйрық пайда болған еді. Алайда кейін бұл құжат кері қайтарып алынды. Энергетика министрлігі бұл шешімнің күшін жойғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта тарифтер өспейді деген шешім қабылданды. 1 шілдеден бастап тарифтер көтерілмейді», деді Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет кулуарында.

Осылайша, 1 шілдеден бастап электр энергиясының бағасы өзгеріссіз қалады.

Ұқсас жазбалар

2-5 пайыздық ипотеканы қалай алу керек?

«Отбасы банк» жылдық 2 және 5 пайыздық мөлшерлемемен берілетін жеңілдетілген тұрғын үй несиесіне өтінім қабылдауды…

Докторантураға түсуге құжат қабылдау басталды

Қазақстанда 2 шілдеден бастап докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылдау басталды. Құжаттарды 3 тамызға дейін тапсыруға…

Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 9,6%-ға өсті

2025 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 9,6%-ға артып, 4 894-ке жетті. Ең көп кооператив…