Categories Жайық news

Вице-президент лауазымы: Оның өкілеттіктері мен қатаң шектеулері белгілі болды

Қазақстанда енгізілуі мүмкін вице-президент лауазымына қатысты негізгі өкілеттіктер мен шектеулер айқындалды. Жаңа лауазым иесін Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындап, қызметінен босата алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Вице-президенттің негізгі міндеті – Президенттің атынан өкілдік ету. Ол мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық қатынастарда Қазақстанның мүддесін қорғайды. Сондай-ақ Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен жұмыс істегенде Президенттің өкілі болады.

Бұдан бөлек, вице-президент еліміздің және шет мемлекеттердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен байланыс орнатуға жауапты болады.

Сонымен қатар бұл лауазым иесіне бірқатар қатаң шектеу қойылған. Ол парламент немесе мәслихат депутаты бола алмайды, кәсіпкерлікпен айналысуға және басқа да ақылы қызмет атқаруға тыйым салынады.

Ең басты талап – вице-президент өз өкілеттігін атқару кезінде ешбір саяси партияның мүшесі болмауы тиіс. Бұл норма саяси бәсекелестікті арттырып, барлық партияның дамуына тең жағдай жасау мақсатында енгізіліп отыр.

Ұқсас жазбалар

Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді

Қазақстандағы ең ірі жаңа кеме Оралда суға түсіріліп, оған Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Кеме «Зенит»…

«ӨСУ КАПИТАЛЫ: АЙМАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Оралда БҚО әкімдігі мен прокуратурасының ұйымдастыруымен «Өсу капиталы: аймақтың жаңа мүмкіндіктері» атты инвестициялық форум өтті.…

БҚО-да ардагерлерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілді  

Батыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл…