Categories Қаржы

Үлкен өзгеріс: Трамп ФРЖ төрағасын ауыстырды

Сурет: Aikyn.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) жаңа төрағасын тағайындады. Бұл лауазымға Кевин Уорш ұсынылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кевин Уорш – бұрынғы ФРЖ басқарма мүшесі, ол 2008 жылғы дағдарыс кезінде орталық банк саясатын қалыптастыруға белсене қатысқан. Трамптың айтуынша, Уорш экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ете алатын тәжірибелі маман.

«Кевиннің білімі мен тәжірибесі бізге қажет. Ол Америка экономикасын жаңа биіктерге көтереді», – деді Трамп.

Бұл шешім Уолл-стритте үлкен резонанс тудырды. Сарапшылардың пікірінше, Уорштың келуі пайыздық мөлшерлеме саясатына өзгеріс әкелуі мүмкін. Алдағы уақытта Сенат кандидатураны бекітуі керек.

Ұқсас жазбалар

Ресей Қазақстаннан 50 мың тонна бензин алуды жоспарлап отыр

Ресей АИ-92 маркалы бензинді Қазақстаннан импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Шамамен 50 мың тонна жанармай жеткізу…

22 мың дәрілік препараттың айналымына шектеу қойылды

15-19 маусым аралығында өткен «Дәрмек» іс-шарасында 22 мың дәрілік препараттың айналымына шектеу қойылып, 31 қылмыстық…

АҚШ президенті Трамп мұнай компанияларына қатысты тергеу бастауды тапсырды

АҚШ президенті Дональд Трамп ірі мұнай компанияларын бензин бағасын негізсіз жоғары ұстап отыр деп айыптап,…